Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Мұражай түні - 2018

18 мамыр күні мұражай келушілер саны барлық рекордты жаңартты. Сағат 16.00- де «Жеке коллекциядан» жаңа көрмесі ашылды.

Келушілер Г. С. Седыхтың көне заттарын, Д.В.Куленкоға тиісілі түрлі автокөлік үлгілерін, Л.Д.Чемодурованың қуыршақтар коллекциясын , Ж.А.Штангей жинаған мысықтар мүсіндерін көре алды. Көрмемен танысу коллекция авторлары – біздің қала тұрғындарының құштарлық әлеміне саяхат жасау болды. Көрменің ашылуында құрметті қонақтар болған «НұрОтан» партиясы Лисаков филиалы төрағасының орынбасары И.В.Неявко, Лисаков техникалық колледжінің басшысы Г.В.Будкевич, Лисаков қаласының құрметті азаматы В.А.Кошелев. Республикалық музыкалық байқаудың лауреаты О.Намничалоның орындауында ән шәшу мекеренің көркін ашты.

Сағат 18.00-де келушілерді өздерінің музыкалық номерлерімен Лисаков қалалық балалар саз мектебінің шәкірттері қуантты. Олардың әуелеген әндері мен аспапта орындалған шығармалары мамыр күнінің сазды сәлемі болып, көктемгі көңіл күй сыйлады.

Сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін музей залдарында балалар күлкісі мен тұрғындар таңырқаса қараған үндеріне толды. Балалар экспозицияны мұқият зерттеп, арнайы әзірленген кітапша сұрақтарына жауап берді, ересектер андронов  киімінде, сонымен қатар балалық шаққа оралтқан пионер галстугінде, қазақ және украина халқының ұлттық киімдерін киіп суретке түсті. Осы кеште әр залда қызметкерлер бір жәдігер туралы мәліметтер берді. Көне Дала тарихы залында ортағасырлық бомба, Киелі бөлмеде – андронов әйелінің бас киімі, «Лисаков» залында – пионер галстугі.  «Қазақстан халықтарының мәдениеті» залында қазақ халқының әшекей бұйымдарының бірі – «Құсмұрын» сақинасы тарихы мен оның түрлері туралы біле алды.

Осы жылы алғаш рет мұражайда қаламыздың кәсіби суретшілері С.Каратаева мен  И.Кропотоваға тапсырыс арқылы өз суреттерін салдыртуға мүмкіндік алды. Мұражайдың кіре берісінде жеке коллекционерлер туралы деректі фильмдер көрсетілді.

Лисаков қаласында 2006 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан «Мұражай түні» акциясы, жыл сайын келушілерін өзіне тартып, тұрғындар қатарын көбейтіп жатқаны қуантады.

«Мұражай түні -2018» акциясына ақпараттық қолдау көрсеткен «Бизнес-пресс.Лисаковск», «Лисаковская новь» газеттері, «Рауан» радиосы, Лисаков қаласы әкімдігінің ресми сайты, «Акцент» телеарнасы.